Құмар ойынның жетегінде кетсеңіз 10 жылға шектеу қоюға болады

1 393

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Orda.kzҚазақстандықтар енді құмар ойындарға қатысты өз-өздеріне 10 жылға дейін шектеу қоя алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының хабарлауынша, қазақстандықтар eGov Mobile арқылы өздеріне құмар ойындарға 10 жылға шектеу орната алады.  Бұрын бұл шектеуді 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге қою мүмкіндігі ғана болған еді.

Бұл шектеу кез келген азаматқа лицензияланған ойын алаңдары мен букмекерлік онлайн платформаларға кіруге тыйым салуға мүмкіндік береді. Бұл опция тек 21 жастан асқан қазақстандықтарға қолжетімді.  

eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Қызметтер» «Спорт» бөлімін таңдап, «Құмар ойындарға мен бәс тігуге қатысуға шектеу қызметін» таңдайсыз. Сонымен қатар, шектеу мерзімінің аяқталатын жылын және айын көрсетіп, «Қызметке тапсырыс беру» түймесін басу керек.  

Сондай-ақ, бұрынғыдай шектеу енгізгендер үшін оның мерзімін ұзарту функциясы да қарастырылған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.