Алтын іздеп жүрген адам шахтаға құлап көз жұмды

1 529

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: © https://depositphotos.comАқмола облысында заңсыз алтын өндіруге байланысты тағы бір қайғылы жағдай тіркелген. Бұл жолы оқиға ауыр жарақатпен емес, адам өлімімен аяқталған, – деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірдегі алтын кеніштеріндегі қауіпсіздік мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Өткен жылы Ақмола облысындағы Бестөбе мен Ақсу шахталарында 800-ден астам заңбұзушылық анықталған еді. Ал биылдың өзінде 50-ге жуық құқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар  мұндай жағдайлар кезінде адам өлімі мен ауыр жарақат алу деректері де кездесіп отыр.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Қазіргі уақытта қаза тапқан адамның жеке басы мен  оқиғаның мән-жайын анықтау  үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – дейді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.