Ипотека мөлшерлемесі 1 шілдеден бастап төмендейді

1 519

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©freepik.comҰлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотекаға бастапқы жарна ретінде 30%-дан көп төлеген қазақстандықтар 1-ші шілдеден бастап төменірек мөлшерлеме алатынын мәлімдеді. Ең жоғары мөлшерлеме 20%-ға дейін болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме жылдық 25% деңгейінде. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оны 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет тырысқан.

"Біз банктермен және агенттікпен жұмысты жалғастырып жатырмыз. Өйткені бұл тек Ұлттық банктің шешімі емес. 1-ші шілдеден бастап екі мөлшерлеме болады: 25% және 20%. Қарапайым түрде айтсақ: егер бастапқы жарна 30%-дан асса, ең жоғары мөлшерлеме 20% болады. Ал егер 30%-дан аз болса, мөлшерлеме 25%-дан аспауы тиіс", – деді ол.

Бұл мәселе бойынша техникалық жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сүлейменов мамыр айында тиісті шешімнің жобасы жарияланатынын хабарлады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.