17 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап қаза тапты

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© ЖИАлматының Наурызбай ауданында 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиға Жүнісов көшесіндегі Alma City тұрғын үй кешенінде болған. Марқұмның анасының айтуынша, кәмелетке толмаған қыз құрбыларына қонаққа барған. Анасы қызына телефон соққан кезде, компанияда алкогольдік ішімдік ішіліп жатқанын біліп, оған ескерту жасаған. Куәгерлердің сөзінше, осыдан кейін қыз жігітіне хабарласып, өзін үйіне алып кетуін өтінген. Жігіт тұрғын үй кешеніне келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермеген. Сол уақытта қыз терезеден құлап кеткен.

Алматы қаласының Полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың қаза болғанын растаған.

Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.