«Пятерочкада» 10 айлық балаға көгерген шырын сатқан
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазанда 10 айлық баланың анасы Короленко көшесіндегі «Пятерочкадан» балалар шырынын сатып алған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазандағы «Пятерочкада» балаға көгерген шырын сатқан.
Бала бірнеше жұтым ішіп үлгерген, содан кейін әйел сусынды өзі де көруді ұйғарған.
Біртүрлі дәмді сезген соң, ол картон қорапты кесіп қараған. Ішінде үлкен көгерген қойыртпақ болған.
Әйел өндірушіге жүгінген. Компания кешірім сұрап, тауарды дүкенде қаптамадан шығарған кезде қорапты пышақпен зақымдап алуы мүмкін екенін, ішке ауа кіру салдарынан шырын бұзылған болуы мүмкін екенін айтқан.
Қаз
Рус






