Жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақы 346 мың теңгеге дейін көбейеді

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИ2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді. Төлемнің ең жоғары мөлшері айына 346 500 теңгеге жетеді, ал оны алу мерзімі үш айдан аспайды. Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мәлім етті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жаңа тәртіп бойынша төлемнің қанша уақыт берілетіні азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзіміне байланысты болады. Әлеуметтік аударымдары 6 айдан 12 айға дейін төленгендерге бір ай, 12 айдан 24 айға дейін төленгендерге екі ай, ал 24 айдан астам уақыт аударым жасалғандарға үш ай төлем беріледі.

Төлем мөлшері соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар есептелген орташа айлық табысқа және сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай анықталады. Оның ең жоғары мөлшері жеті ең төменгі жалақының 45 пайызынан аспайды. 2027 жылы ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілген жағдайда, бұл шек 346 500 теңге болады.

Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап, жұмыс іздеуші ретінде тіркелу мерзімі екі күннен 13 күнге ұзартылған. Осы уақыт ішінде лайықты жұмыс табылмаса, азаматқа жұмыссыз мәртебесі беріледі. Содан кейін ол әлеуметтік төлем алуға өтініш бере алады.

Жаңа тәртіптің мақсаты – жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмысқа тезірек орналасуына көмектесу. Төлем алатын үш ай ішінде оларға кемінде үш жұмыс орны ұсынылады.

Әлеуметтік төлемді тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтар ала алады. Ал төлемді қайта алу үшін соңғы төлем жасалған айдан кейін кемінде 12 ай өтуі керек.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.