Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылдық кештен қашып кетті

426

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Желіде мемлекеттік қызметкерлердің жаңа жылдық кештен қашып бара жатқан видеосы таралды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме беріп.


Видеоға Түркістан облысының білім басқармасы түсініктеме берді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, банкет заңды түрде ұйымдастырылған және санитарлық талаптарға қайшы келмейді. Мейрамханада барлығы елу адам жиналған.

Мемлекеттік қызметкерлер жаппай қашу себебі мониторинг тобы келген кезде қонақтардың сасып қалған, деп түсіндірді білім басқармасында. 

Сондай-ақ, әкімдік видео авторларын сотқа беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде өңірдегі мекемелердің бірінде түсірілген видео таралған еді. Мерекені мейрамзанада облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері атап өткен. Полиция қызметкерлері мен блогерлерді көргенде олар жаппай қаша бастаған. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.