Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылдық кештен қашып кетті
417
Желіде мемлекеттік қызметкерлердің жаңа жылдық кештен қашып бара жатқан видеосы таралды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме беріп.
Видеоға Түркістан облысының білім басқармасы түсініктеме берді.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, банкет заңды түрде ұйымдастырылған және санитарлық талаптарға қайшы келмейді. Мейрамханада барлығы елу адам жиналған.
Мемлекеттік қызметкерлер жаппай қашу себебі мониторинг тобы келген кезде қонақтардың сасып қалған, деп түсіндірді білім басқармасында.
Сондай-ақ, әкімдік видео авторларын сотқа беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде өңірдегі мекемелердің бірінде түсірілген видео таралған еді. Мерекені мейрамзанада облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері атап өткен. Полиция қызметкерлері мен блогерлерді көргенде олар жаппай қаша бастаған.