Әлия Назарбаева «Томирис» фильмінің сценарийін жазғаны үшін қомақты қаржы алған

414

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

«Томирис» фильмінің сценарийін жазғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға 150 миллион теңге төленген. Бұл туралы Bugin.kz порталы журналист Михаил Козачковтың Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Қазақфильм» АҚ-мен жасалған келісімге сәйкес, ол автор ретінде теледидарда таратудан түскен пайданың 60 пайызын, Қазақстан Республикасының кинотеатрларындағы прокаттың 70 пайызын және Отаннан тыс кинотеатрларда прокаттың 40 пайызын алуға құқылы болды.
Мемлекет фильмге 3 миллиардтан астам теңге жұмсады, прокаттан түскен табыстың жартысынан астамын сценарий авторы өзіне алды. Осы құжаттар бойынша шамамен 150 миллион теңге болды. Ал мәдениет бұрынғы министрі Райымқұлова мәлімдеуінше, фильм 500 миллионнан астам жинаған. Бұл Назарбаеваның үлесі 300 миллионнан кем емес деген сөз» - делінген журналист Михаил Козачковтың Facebook-тегі хабарламасында.

Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева болды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.