Павлодарлық музыканттар атақты "Адай" күйін сирек кездесетін аспапта орындады

356

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның әртістері елорда күні мен ұлттық домбыра күніне орай, атақты "Адай" күйін сирек кездесетіп аспапта ойнап, көптің ыстық ықыласына бөленді.

Құрманғазының атақты күйін Павлодар музыкалық колледжінің мұғалімі Салтанат Өтемісова мен облыстық филармонияның қазақ ұлттық аспаптары оркестрінің әртісі Мейірман Байбосынов және облыстық филармонияның симфониялық оркестрінің әртісі Ксения Делиахметоғлу орындаған. 


Ксения алғаш рет күйді электровиолончельде орындаған. 


"Бұл клипте дәстүрлі үнге электровиолончель араласып, күйге ерекше әуез беріп тұр. Күйді осылай ерекше аспапта ойнаудың басты мақсаты – қазақтың ұлттық әуендері мен күйлерін кез келген музыкалық аспап арқылы ең жоғары деңгейде орындауға болатынын дәлелдеу болды.


 Оған қоса клипті көрсеңіз, онда домбыра мен электровиолончель, бір-бірнен кім мықты дегендей, жарыса ойнайды", - дейді облыстық филармония директорының орынбасары Ләтипа Құрақбаева. 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.