Бельгияда Әбу Насыр әл-фараби атындағы орталық ашылады

346

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бельгияда Әл-Фараби орталығы ашылмақ деп,- хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Университет ректорының айтуынша, ҚазҰУ-дың ұлы философ-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталатын әлемдегі бірден-бір университет. Ұлы ойшыл заманынан бері 11 ғасыр өтсе де, Әл-Фараби ілімі бүгінгі қоғамда да мәні мен мағынасын жойған жоқ дей келе, ректор ғұлама ғалымның еңбектерін жан-жақты зерттеу, талдау, кейінгі жастарға насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шараларды тілге тиек етті.

Сондай-ақ университет басшысы ҚазҰУ базасында халықаралық фарабитанушылар орталығын құру жоспарланғанын хабарлап, өзара ынтымақтастыққа шақырды.

Философия докторы, белгілі тарихшы-арабтанушы Курт Дибов өз кезегінде Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерін бірлесіп зерттеуге үлкен ықылас танытып отыр. Таяу Шығыстағы қақтығыстар тақырыбына көптеген мақалалар мен кітаптар арнаған сарапшы-маман Қазақстанның жетекші университетінің ғалымдарымен ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.


Кездесуде тараптар Бельгияда Әл-Фараби орталығын ашу мен тиімді әріптестікті талқылап, алдағы нақты қадамдарды анықтады. Универсиет басшысы сөз соңында шетелдік қонақтың зерттеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.