"Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын"

509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақорда прессМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

"Қадірлі отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ, Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады. 

Ислам дінінің осындай мызғымас рухани құндылықтары мен жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді. 

Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын. 

Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз. 

Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! 

Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!", - дейді президент. 

Қасиетті Рамазан айы 30 күнге созылады.

 Биыл Рамазан 12 мамырда аяқталады. 

13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні.

 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні. 

Биылғы пітір садақаның мөлшері 420 теңге. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.