"Келін іздеп жүретін болдым қазір" - актриса ұлына жар іздеуде

1 590

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында ұлына келін іздеп жазба қалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Ұл өсті деген осы... Жүрген жерде Әмина апам құсап, келін іздеп жүретін болдым қазір. Рас айтам... Бірақ... Тақия киіп Тайлақ болайын деп тұрған Асылжан жоқ әрине... Менікі аналық тілек қой... 

Ибалы, инабатты, тәрбиелі, ақылды, дана, сұлу, мінезі көркем қыздарыңыз бар ма???", - деп жазды өнер иесі. 


Ал желі қолданушылары актрисаға арманындағы келін жолығуына тілектестігін білдірген.


"Асылжанның бағы жансын", "Өзіңе ұқсаған бір сұлуға жолығар", "Ұлға келін іздей алады екенсің. Ал қызға "Тұрмысқа шық" дегеннен басқа сөз айта алмайды екенсің", "Ананың тілегі қабыл болсын", "Адал келін нәсіп етсін", "Ұлыңызды жақсы тәрбиелегенсіз, бақытына жолықсын", - деді желідегілер.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.