Танымал блогер әйеліне 50 млн теңгенің көлігін сыйлады

1 340

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нүркееваға қымбат көлік сыйлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Блогер келіншегіне құны 50 млн теңге тұратын BMW маркалы кабриолет сыйлады. Бұған дейін де әйелін қымбат сыйлықтармен қуантып жүрген ол су жаңа темір тұлпар сыйлауына не себеп болғаныны және сыйлықтың тарихын айтып берді.


“Дариғаға 50 миллион теңге тұратын сыйлық алдым. Бұл сыйлықтың өз тарихы бар. Ол кезде Дари екеуіміз үйленбегенбіз, енді танысып жүрген кезіміз. Даридан “қандай көлік армандайсың?” деп сұрадым. Ол маған: “Төбесі ашылатын кабриолет. Шарфты орап аламын, Әл-Фараби көшесімен кетіп бара жатқанда шарф ұшып бара жатады” деп жауап берді. Ол кезде менде ондай ақша тұрмақ, көліктің бір дөңгелегі де жоқ. Сонда: “Екі бала туып берсең, алып беремін" деп уәде бердім. Отбасым үшін еңбек етіп жүрмін ғой. Алла менің сол ниетіме бергеніне шүкіршілік етемін. Сенің сыйлығыңның қасында бұл түк емес… Сен бұдан да жақсысына лайықтысың”, – дейді Дархан Жолшыбеков.


Дариға да өз кезегінде қымбат сыйлық үшін күйеуіне алғыс білдірді.


“Егер кабриолетте отырған аяғы ауыр сұлу қызды көрсеңіздер, ол – менмін. Дархан, ұмытылмас тосын сыйың үшін көп рахмет”, – деп жазды Дариға.


Блогердің әйеліне деген махаббаты мен сыйластығы желі қолданушыларын да бей жай қалдырмады. Келіншегін құрметтеген Дархан Жолшыбеков қошеметтің астында қалды.


"Дархандай күйеу бұйырсын”, “Дұрыс. әйел адамды сыйласа, биікке көтерсе нағыз ер азамат”, “Дархандай күйеуді қайдан тапсам болады?”, “Құтты болсын, бақытты болыңдар”, “Дархан, жарайсың”, – деп жарыса жазды желідегілер