«Қойныңдағы қатыныңды қандыр...»: Рысбала өсек айтатын еркектерді сынады

2 616

Танымал блогер, жағдайы төмен отбасыларға үй алып беріп жүрген Рысбала Икрамбай тағы да ашуға булықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Блогер жеке парақшасындағы “сторис” бөлімінде қоғамдағы ұсақталып кеткен еркектерді талқылады.

"Шешесінің етегінің астынан шықпаған, бір қатынның жағдайын жасай алмайтын, бірақ біреудің қатынымен салғыласып отыратын еркектер қанымды қарайтты. Өзі тірлік істей алмайды, бірақ басқаға тағар айыбы көп ынжық еркектерден шаршадым. Көпке топырақ шашпаймын, десек те сөз иесін табады. Менің тірлігіме араласпай-ақ қойыңдар! Менің бағытым да, жөнім де – тура. Одан да қойныңдағы қатыныңды қандыр, елдің мәселесі сендерді алаңдатпасын.", – деп ашуланды. 


Сонымен бірге ол нағыз еркектің қандай болатынын айтты.

"Мен үшін еркек атауының сипаты – еңбек ету. Отбасы мен бала-шағасының жағдайын жасап, адал маңдай термен ақша табуы керек. Өз орнын біліп, намысты биік қоятын азаматтарды сыйлаймын. Басқаларың үре беріңдер! Мен иттің тілін түсінбеймін", – деді. 


Одан кейін тілге тиек болған еркектердің әйелдерін де сыбап тастады.

"Өсек айтатын еркектердің әйелдерін аяймын. Төсекте екі қатын тектес болып қалай жатасыңдар?! Күйеуіңе еріп, істің ақ-қарасын ажыратпай мені тілдегеніңе жол болсын! Іш киіміңді жөндеп кие алмай жүріп, менің ісіме мін тақпа! Қазір кедей болып жарымай отырғаның – сумаңдаған тілің мен пейіліңнен. Күшті болса, елдің ішінде жүрмін, неге бетіме келіп айтпайды. Жеті ұрпағына жететін бәле болып жабысайын", – деп ұрысты.