Әйгілі актер Арнольд Шварценеггер 74 жасында әйелімен ажырасып кетті
378
Голливуд жұлдызы Арнольд Шварценеггер әйелі Мария Шрайвермен заңды түрде ажырасты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Олардың ажырасу процесі 10 жылға созылған.
Tmz медиа агенттігінің мәліметінше, Шварценеггердің әйелімен ажырасу процесінің бұлайша созылуына мүлікті бөлу кезіндегі қиындықтар мен жылдам айырылысу мотивациясының болмауы себеп болған.
Мария Шрайвер Шварценеггермен 1986 жылы отау құрған. Қазіргі таңда, 4 баласы бар. Бірақ әйгілі актердің өзге арумен көңіл қосуы және некесіз бір баласының бар екені белгілі болғаннан кейін Мария ажырасуға арыз берген.
2011 жылы басталған процесске 10 жылдан кейін нүкте қойылды.