Еліміздің мектептері қауіпсіздік бойынша аттестацияланбақ

897

Елдегі мектептер жаппай қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтпек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында айтты.


Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мына шараларды қабылдау көзделіп отыр: бақылау-өткізу режимінің жұмысын күшейту; келісімшарт аясында күзетшілерге қойылатын нақты талаптарды белгілеп алу; білім беру ұйымдарын қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша аттестаттау жүйесін дамыту, - деп жазылған жауапта.


Министрлік мамандарының пайымынша, мұндай аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын практикалық білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.