Қызылордада екі мектептің оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

458

Қызылорда қаласындағы екі мектептің оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Оқиға 10 сәуір сағат 17:35 шамасында облыс орталығында болған.


Полицияға қала аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім арасындағы төбелес туралы хабар түсті.


«Төбелестен біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының (бұзақылық) бойынша полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға байланысты күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.


Оқиғаға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.


«Облыс орталығындағы «Ақмешіт» шағынауданында №136 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы мен №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы арасында ерегес туындаған. «Орда» колледжінің студенті №136 мектепте оқитын інісіне жақтасып жарақат алған жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен», - деп жазылған хабарламада.