Мемелекет қаржысын үнемдеу мақсатында биылғы Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейтін болды

155

Биылғы 7 мамыр - Отан қорғаушы және 9 мамыр - Жеңіс күні мейрамдарына орай әскери шеру өтпейтін болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық - Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру», - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, ресми ақпаратта Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқаны айтылған.


«Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді», - дейді ведомстводан.


7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған шаралар туралы ақпарат жуырда министрліктің ресми сайтында жарияланады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.