Су тапшылығын жою үшін бюджеттен 300 млрд теңге жұмсалмақ

121

Астанадағы су тапшылығын жою үшін 300 миллирд теңге жұмсалмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Дерекке сүйенсек, су тапшылығын шешудің қазіргі уақытта үш нұсқасы қаралуда. Ең ықтималы – Қаныш Сәтбаев каналындағы суды ағызу көрінеді. Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров елордада сорғы станциялары бар, сондықтан жобаны алдағы 5 жылда іске асыруға болады деп отыр. 


Сондай-ақ министрлікте Нұра бассейнінен де ауыз су тартуға болатынын айтуда. Алайда онда судың аздығына байланысты бұл тек резервтік нұсқа ретінде қаралып отыр. 


Үшінші нұсқа, ол Бузулук су қоймасын салу. Ертіс өзені бойынан жоспарланған бассейннің қашықтығына байланысты жоба бюджетке жарты триллион теңге шығын әкелуі мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.