Қызылордада екі азамат төбелесіп, біреуі көз жұмды

571

Қызылорда қаласында екі адам төбелесіп, 42 жастағы азамат ауруханада жан тапсырды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 




Polisia.kz-тің мәліметінше, 24 сәуір күні қалалық ауруханада 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер екі адамның өзара жанжалдасқанын анықтады. Жəбірленуші алған ауыр дене жарақатынан ауруханада қайтыс болған.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106 - бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. 


Жедел іздестіру нəтижесінде, күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.