"Назарбаев 30 елдің қатарына кірді, қазақстандықтар кіре алмай қалды" - депутат

456

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «Qasqa Jol» Youtube арнасына берген сұхбатында облыстардағы ахуал жайлы, оның ішінде Абай облысындағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.


Депутаттың айтуынша, 30 жыл бойы еліміздің бюджеті дұрыс бағытта жұмсалмаған.


Семейдегі мәселе бұрыннан келе жатыр ғой негізі. Қазақстан Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіреміз деп, бүкіл қаржы халыққа пайдасыз істермен шашылып кетті. Мысалы, EXPO, басқа да конференцияларға жұмсадық. Есімде, Қазақстанға ондаған Нобель сыйлығының лауреатын алып келген. Олардың әрқайсысына 100 мың доллар берілді, оның бәрі бюджеттің ақшасы. Бүгінгі таңда ЖЭО-дағы бүкіл проблема - сол 30 жылдың ішінде инфрақұрылым мәселесі шешілмегендіктен туындап отыр, - дейді депутат.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.