Тозығы жеткен түрмеде ер адамдар тесік арқылы әйелдер камерасына кірген

1 357

Апатты жағдайда тұрған Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар қабырғадағы үлкен саңылау арқылы әйелдер камерасына қалай өтуге болатынын көрсетіп, видео түсірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Мой город» телеграм каналына сілтеме жасап. 


Оралдағы №74 мекеме, яғни уақытша ұстау изоляторынан түсірілген деген видео жарияланды. Онда ер адамның қабырғадағы саңылаудан басқа бөлмеге өткенін көруге болады. Оны басқа адам ту сыртынан түсіріп тұрады. Видео авторы сотталғандар ескі ғимараттың қабырғасынан осылай саңылау жасап алып, әйелдер камерасына кіреді-мыс деп мәлімдейді.


Басшылық тарапынан мүлде бақылау жоқ. Қашқандар осылай қашады. Министр мырза, қандай да бір шаралар қабылдаңыз, - делінген видео сипаттамасында.


Сондай-ақ, видеода жас жігіт сотталғандарды тексеру және тінту жүргізуге арналған журналды көрсетеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.