Химия пәнінің мұғалімі оқушыға қол жұмсады
Алматы облысында оқушы мен химия пәнінің мұғалімі арасында жанжал болған. Оқиғаның видеосын 8-сынып оқушысының анасы жариялаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдық мектептердің бірінде химия сабағында мұғалім оқушыны үйде дәптерін ұмытып кеткені үшін қолын көтеріп, айғайлаған. Дәлел ретінде әйел мұғалімнің оқушымен даусын жоғары сөйлеп, оның қолынан ұстап, итеріп жіберген видеосын жариялаған. Ол бұл факті бойынша күйеуінің полицияға хабарласқанын жеткізген.
Алматы облысының әкімдігі химия пәнінің мұғаліміне қатаң сөгіс жарияланып, Алматы облысы білім басқармасының комиссиясы жүргізген тексеруден кейін түсіндірме әңгіме жүргізілгенін мәлімдеді.
Осындай жағдайлар туындаған жағдайда мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары +7 707 170 67 27 нөміріне хабарласа алатыны айтылды.
Облыстық полиция 25 қаңтарда ауыл тұрғынының арызы қабылданғанын айтты.