Құс өсіру – табыстың көзі

1 526

Нарықта құс етіне деген сұраныс жоғары. Яғни, табысты бизнестің бірі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz  сайтына сілтеме жасап.




Соңғы кездері Жаңақорғанда құс шаруашылығы қарыштап дамып, күннен күнге дамуда. Бүгінде  құс өсіруге ниет танытып отырғандар баршылық. Сондай ынталының бірі – Бексейіт Сәрсенбаев. Біз іскер азаматтың жұмысын білмекке Машбек Нәлібаев ауылына арнайы бардық.


Кәсіпкерлікті дамыту оңай жұмыс емес. Әсіресе, Түркістан мен Сарыағаштың нарығымен бәсекелесудің жолын табу қажет-ақ. Қазір іскер жандар кәсіпті бастағанымен, бәсеке бәсіне қабілетті бола алмай, ісін жауып жатады. Сондықтан, кәсіпкерліктің тетігін ұстаумен қатар нарықты зерделеуден ұтылмауы тиіс. Біздің кейіпкер кәсібін дамытумен қатар экологиялық таза өнімдерін өткізетін орындарды зерделеп, келіссөздер жүргізуде...

Бір байқағанымыз ел ағасы тазалыққа қатты көңіл бөледі екен. Себебі, қандай құс болмасын тазалықты жаны қалайды. Уақытпен санаспай, тынымсыз тірліктің бел ортасында жүрген кәсіп иесі құс шаруашылығынан бөлек, ағаш пен гүл өсіруді дағдыға айналдырғанын айтты.

Бүгінде басымдықты «несушка» тұқымды тауыққа беріпті. Бұл тауықтың ерекшелігі күн сайын жұмыртқа туа алады. Әрі, жергілікті ауа-райына бейімделген.


"Негізі балапандардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін құс қораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Егер бұл тауықты дұрыс күтіп-баптаса 3 айда ет бағытында пайдалануға болады. Өзім осыны басшылыққа аламын", – дейді ауыл тұрғыны.


Ал, күрке тауықтың пайдалы тұсы алдымен емдік қасиеті бар. Неге десеңіз, құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Жем талғамайды және жаз мезгілінде көбіне жайылымда болады. Бағасы да қымбаттау. Келісі 1000 теңгеден кемде-кем. Бір күркетауықтан 7-ден 24 келіге дейін ет алуға болады.

Қалай десек те, құс шаруашылығының өнімдері қай кезеңде де үлкен сұранысқа ие. Бүгінде Қытай, Жапония, АҚШ құс шаруашылығы жөнінен жетекші елдер санатында. Мәселен, Қытай әлемдік нарықтың 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ал, Қазақстан өз нарығының сұранысын қанағаттандыра алмай келеді. Ендеше, құс шаруашылығын дамытам деген Бексейіт Сәрсенбаевтың ісі құптарлық.


Президенттің Жолдауында көрсетіл¬гендей, ауылшаруବшылық өнімдерінің сапасын арттыру бағытында байыпты бастамалар ауылда да жүзеге асырылып жатыр. Оның үстіне, өңір басшысы биылғы жылды «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Ал, аудан әкімі жаңа кәсіпке грант бөлуге үлкен мән беруде. Сондықтан, кәсіпкер құс шаруашылығы бағытындағы жұмысқа сәттілік тіледік...Расында құс шаруашылығы табысты сала. Оның еті мен жұмыртқасына, қауырсыны мен мамығына нарықта сұраныс жоғары. Әсіресе, жұмыртқасы өтімді. Жалпы құс шаруашылығына қысқа уақытта еңбекті де, қаржыны да аз жұмсап, еті мен жұмыртқасын жылдың төрт мезгілінде өндіруге болады. Жұмыртқа әртүрлі қоректік заттарға бай әрі адам организміне  сіңімді тағам. Оның құрамында құнды белоктар, майлар, көмірсулар, жиырмадан астам минералды заттар мен оннан астам витаминдер бар. Жұмыртқа ағзадағы зат алмасуына жедел ықпал етеді, нерв жүйесін нығайтып, организмнің әртүрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ұлттық тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты бір адамға тәулігіне орта есеппен 50 грамм немесе жылына 365 жұмыртқа қажет екенін зерделеген. Ұлттық құрамаға енген спортшылардың ас мәзірінде міндетті түрде жұмыртқа қосылатынын көп жағдайда аңғаруға болады.


Енді есептеп көріңіз, күнде 50 тауықтың 50 жұмыртқасын 50 теңгеден саудалағандакүніне 2,5 мың теңге, айына 70-75 мың теңге отбасына кіріп тұр деген сөз. Табыс көзі қайда жатыр?Көзі міне, осы кәсіпті қолға алмақ үшін, қайтарымсыз гранттың комиссия отырысында 8 азамат бизнес-идеясын қорғады.Тарқата айтсақ, келінтөбелік көп балалы ана Айнұр Жиренбаева «Адлер» тауығын баптауды қолға алды. Тауықтың бұл түрлері жыл ішінде шамамен 170-190 жұмыртқа береді. Жұмыртқасы кремді. Үй жағдайында асырап-бағуға өте қолайлы.


«Құстың басын көбейту үшін жұмыртқасын жинап, көктем айларынан бастап балапан өндіруді жоспарлап отырмын. Бір жұмыртқасы 200 теңгеден кем болмайды. Қауырсыны мен мамығын кәдеге жаратуға болады», – деді ол.


Бесарықтық Гаухар Калманова еті дәмді, әрі құрамында холестерин мөлшері өте төмен күркетауықты бағуды жөн көріпті. Жалпы күркетауық табысты бизнестің бір түрі. Оның аталықтары 18-22 келіге дейін ет береді. Ал жұмыртқасы 200-300 теңгеден жоғары бағаланады. Қожамберділік  Фарида  Сәрсенбаева «Зият» шаруа қожалығын құрды. Мақсат – құс шаруашылығынан табыс ажырату. Әзірге қайтарымсыз гранттың қаржысына 20 брама, 80 қазақы тауық, 10 қораз алды. Ұлының есімімен аталған шаруа қожалықты отбасылық кәсіп деуге болады. Ұлдары ертелі кеш тауық бағып, ит пен мысықтан қорып, көбейтуді қолға алды.Жаңақорған кентінің тұрғыны Талғат Сатыбалды «Талғат» құс шаруа қожалығын ашты. Қорасында 53 тауық, 58 индоутка баптауда.


«Қора-жайым кең, құс жаюға ыңғайлы. Өзім индоутка туралы білетінім көп болғандықтан құстың екі түрін бағуға басымдық бердім. Мал дәрігерлері де құстарды қадағалап тұрады. Кәсіп етемін деген адамға қолдау бар. Өзім қатарлы жастарға көңіл қалаған кәсіпті ашып, қорықпай қадам жасауға кеңес беремін», – дейді жас кәсіпкер.


Жаңақорған кентіндегі сауда орындарына да арнайы барып, қолдың жұмыртқасы жайлы сұрадық. Сатушылардан: «Қолдың жұмыртқасын сұраушылар көп. Сол себепті қолдың жұмыртқасына арнайы тапсырыс береміз. Бірақ бізде жұмыртқа өндіретіндер саусақпен санарлықтай ғана», – деген жауап алдық.


Айтқандай, аудан басшысы құс шаруашылығын дамытуға ниетті кәсіпкерлерді қабылдағанын жақсы білеміз. 


Елге инвестиция тарту мақсатында қолға алынып жатқан құс фабрикасы Жаңақорған кентіне жақын маңнан, дәлірек айтқанда, халықаралық автодәлізге қабаттас салынады. Мұны «Абдулла» шаруа қожалығы жүзеге асырады. Бүгін аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы инвесторларды қабылдап, жұмыстың барысын білді, оларды қолдауға байланысты тиісті орынбасарына тапсырма берді. Жалпы, шаруа қожалығының иесі – елге белгілі елағасы Абдулла Тәжімбетов. Қазірде оның ұлы Әбілхан қасында қолқанат. Ол Нұр-Сұлтан қаласында тұрса да туған жері – Жаңақорғанға бүйрегі бұрып тұрады. Сондықтан фабриканың атамекенге салынуына ықпал етіп, қазір инфрақұрылымына қатысты құжаттармен айналысуда. Ал, желтоқсан айында фабриканың құрылыс жұмысын бастап, 2024 жылдың аяғына дейін нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отыр.


Бұл жоба ҚР Ұлттық банктің республикалық кеңесінде мақұлданды. Жобаның 2 млрд 888 млн 934 мың 729 теңгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жылдығы 6 процент жеңілдетілген несиемен қаржыландырылатын болды. Ал, қалған 1,2 млрд теңгесін инвестор өзі салады.


Құс фабрикасы ет бағытын ұстанған, жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіруді көздейді. Сол үшін 12 құс ұстау орнын белгілеп қойды. Алдымен газ, су, электр энергиясы жүйесі, жол тарту мәселесі бірінші кезекке қойылып отыр және оны жүзеге асыру жолы аудан әкімімен келісілді. Бір қуантарлығы, жоба толық күшіне енгенде 120-150 жергілікті жұмыссыз азамат жұмысқа қабылданатын болады, – деді Қаныбек Шәрібекұлы.Нарықта құс етіне деген сұраныс жоғары. Яғни, табысты бизнестің бірі. Алайда, Жаңақорғанда құс шаруашылығы әлі де болса ақсап тұр. Соның салдарынан жаңақорғандықтар құс өнімдеріне америкалық және Оңтүстік Қазақстан облысына тәуелді. Осыны ескерген шаруалар құс өсіруге ниет таныта бастады. Сондай ынталының бірі – Бексейіт Сәрсенбаев. 


Біз іскер азаматтың жұмысын білмекке М.Нәлібаев ауылына арнайы бардық.Кәсіпкерлікті дамыту оңай жұмыс емес.


Әсіресе, Түркістан мен Сарыағаштың нарығымен бәсекелесудің жолын табу қажет-ақ. Қазір іскер жандар кәсіпті бастағанымен, бәсеке бәсіне қабілетті бола алмай, ісін жауып жатады. Сондықтан, кәсіпкерліктің тетігін ұстаумен қатар нарықты зерделеуден ұтылмауы тиіс. Біздің кейіпкер кәсібін дамытумен қатар экологиялық таза өнімдерін өткізетін орындарды зерделеп, келіссөздер жүргізуде…Бір байқағанымыз ел ағасы тазалыққа қатты көңіл бөледі екен. Себебі, қандай құс болмасын тазалықты жаны қалайды. Уақытпен санаспай, тынымсыз тірліктің бел ортасында жүрген кәсіп иесі құс шаруашылығынан бөлек, ағаш пен гүл өсіруді дағдыға айналдырғанын айтты.


– Аға, шаруа қалай жүруде?

– Әзірге жаман емес, жұмыс нәтижелі, нағыз шаруаның ширайтын кезі енді басталады. Себебі, тауықтардың балапан ашатын уақытысы жақындап келеді.

– Дұрыс екен. Құс шаруашылығын дамыту бағытында қандай қадамдар жасалынбақ.

– Биылға жоспар көп. Бірінші кезекте, тауық санын көбейтіп, Жаңақорған нарығын жергілікті тауықтармен қамтамасыз ету. Күзге дейін мыңға жуық құсты өсірсем деген ниеттемін, – дейді ол.

Кәсіп иесінің сөзінше, инкубатор құрылғысы өнімділікті арттырғанымен тиімсіз тұстары да барын жасырмады.

– Жалпы, ол құрылғыны пайдалану өте тиімді. Дегенмен, қолдан балапан аштырудың жөні бөлек. Өйткені, тауықтың бойындағы қасиеті жоғалады, – деді.

Былтыр «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан 2 млн. теңге қаржы алып, Бесарық пен Қыркеңседен 550 тауық, 100-ге жуық күрке тауық сатып алып, іске кіріскен Бексейіт аға құс шаруашылығының қыр-сырына қанығып үлгеріпті. Былтыр үй ауласынан құсты көбейтуге ыңғайлы қора салса, биыл сыйымдылығы 2000-3000 бас балапан ұстайтын жылы орын салмақшы.


– Жалпы, құстардың жем-шөбін қалай қамтамасыз етесіз?


– Әзірге сатып алудамыз. Ауыл-аймақтағы шаруа қожалықтарға жемге тапсырыс береміз. Жалпы, құрамында барлық дәрумендер мен минералды қоспалар қамтылған жем алу маңызды. Мұндай өнімдер Ресейден келеді, – деді ол.


Бекең басшылық ететін «Бейімбет» шаруа қожалығы жылда күріш дәнін егістікте сепсе, биыл ротация арқылы жоңышқа егуді жоспарлап отыр. Бір жағынан тауыққа да құнарлы азық.Бүгінде басымдықты «несушка» тұқымды тауыққа беріпті. Бұл тауықтың ерекшелігі күн сайын жұмыртқа туа алады. Әрі, жергілікті ауа-райына бейімделген.


– Негізі балапандардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін құс қораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Егер бұл тауықты дұрыс күтіп-баптаса 3 айда ет бағытында пайдалануға болады. Өзім осыны басшылыққа аламын, – дейді ауыл тұрғыны.


Ал, күрке тауықтың пайдалы тұсы алдымен емдік қасиеті бар. Неге десеңіз, құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Жем талғамайды және жаз мезгілінде көбіне жайылымда болады. Бағасы да қымбаттау. Келісі 1000 теңгеден кемде-кем. Бір күркетауықтан 7-ден 24 келіге дейін ет алуға болады.Қалай десек те, құс шаруашылығының өнімдері қай кезеңде де үлкен сұранысқа ие. Бүгінде Қытай, Жапония, АҚШ құс шаруашылығы жөнінен жетекші елдер санатында. Мәселен, Қытай әлемдік нарықтың 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ал, Қазақстан өз нарығының сұранысын қанағаттандыра алмай келеді. Ендеше, құс шаруашылығын дамытам деген Бексейіт Сәрсенбаевтың ісі құптарлық.


Түйіндей айтқанда, Елбасының Жолдауында көрсетілгендей, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру бағытында байыпты бастамалар ауылда да жүзеге асырылып жатыр. Оның үстіне, өңір басшысы биылғы жылды «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Ал, аудан әкімі жаңа кәсіпке грант бөлуге үлкен мән беруде. Сондықтан, кәсіпкер құс шаруашылығы бағытындағы жұмысқа сәттілік тіледік…


Сонымен қатар, аудан тұрғыны Талғат Тұрғанбекұлы шағын кәсіптің шырайын кіргізіп отырған қарапайым шаруа адамы. Бала кезінен құстарды бағуға икем танытып, сол қызығушылығын бүгінде кәсіп көзіне айналдырып отыр. Жүзге жуық құсты асырап, халықтың керегіне жаратып отырған кент тұрғынының табысты ісімен танысып қайттық.


Ол 30 жылдан бері үйрек, сезарка, бөдене, ламанбраун, амрокс сынды құстарды өсіріп, оны көбейтедудің жолын меңгерген маман. Құс десе менің де елең ете қалатыным бар. Уақыт оздырмай кейіпкеріміздің үйіне де келдік. Үй ауласына кіре берісінен-ақ, ертегі әлеміне кіріп кеткендей әсер алдым. Құдды бір құстардың мекені дерсіз. Кейде теледидардан көргенім болса, көзбе көз көрмеген құс атаулының біразы бар екен. Ауланың бір бұрышына арнайы бірнеше бөлікке бөлінген үлкен тормен қоршалған тауық кепені көзім шалды. Әлгі тор қоршаудың іші толған құс.


– Сіз сияқты құстарға қызыға қарайтындар жетерлік. Мына құстар бірінен-бірі өтіп қиқулап, дауыс шығарып жатқаны, мен жаңа ғана жем беріп, су беріп келе жатырмын. Біле білсеңіз, құстың дыбыс шығарып сайрауы баптаушысына байланысты. Егер құстардың да қарны аш, жайы болмаса олар бұлай дауыс шығармайды, – деп әңгіме бастады кәсіпкер.


Қазір Жаңақорғанда құс саудасы қызып тұр. Әсіресе, тауық өсіру ісі шынында берекелі бизнеске айналды. Әр сенбі сайын кентте құс базары қызмет істеп тұрғаны мәлім. Тіпті әлеуметтік желі арқылы да табыс тауып, кәсібін дөңгелетіп отырғандарды да білеміз. Талғат Тұрғанбекұлы солардың бірі.

– Ауданда әлеуметтік желі арқылы бірінші болып мен парақша аштым. Егер парақшамды ашып қараған болсаңыз білесіз ғой, кәдімгі қайнаған базар ортасы десем қателеспеймін. Үйде отырып-ақ күнделікті бір-бірімізбен пікір алмасып, өз тәжірибелерімізбен бөлісіп, керегімізді сұрап, қалағанымызды тауып аламыз.

– Құстарды табыс көзіне айналдыруға бола ма?

– Меніңше қандай іс болмасын шынайы ниетпен істесең, қай істе болмасын мол табысқа кенелуге болады. Есіктің алдында шағын дүкенім бар, он жылдан бері құстың етін, жұмыртқасын сонда саудаға шығарып отырамын. Тұрғылықты жұрт жақсы біледі. Ауруханаға, емге іздегендер келіп алып кетеді, бағасы да қолжетімді. Қыс мезгілінде аздап бағасы түсіп кететіні бар. Тауық – 2500 мың теңге, адлер, кушинский, амрокс деген пародный құстар – 4500-5000 мың теңгеден саудалануда. Ал, үйрек – 3000 мың теңге, қаз – 5000 мың теңге, сезарка – 3000 мың теңге, бөдене – 700 теңгеден басталады. Тауық жұмыртқасына сұраныс өте жоғары.

– Бізде қандай құстар сұраныста?

– Павьлин деген құс біздің өңірде жоқтың қасы. Себебі, бағасы қымбаттау, қалтаға әжептәуір салмақ салады. Менің ендігі мақсатым, көктем айында осы павьлиндерді көбейтуге көздеп отырмын. Ертеректе мекен мен қоразды ғана асырап, жұмыртқасын жегенге мәз болатын. Кейінгі кездері құс шаруашылығы кәдімгідей жолға қойылып келеді. Тіпті, бөдене, сезарка дегендерді жиі көретін болдық.


– «Мал баққанға бітеді» демекші, құстарға да күтім керек шығар?


– Бастапқыда тауық, қоразды ғана асырағаннан болар аса күтімді қажет етпейтін. Әйтеуір азанда бидайын сеуіп, суын құйып қана жүретінмін. Сөйтсем, құстың түріне қарай, оның күтімі де өзгеше болады екен. Әр жаратылыстың өзіндік ерекшелігі бар, сол себепті де, арнайы уақытымды бөліп, өзімнен бұрын құстарды тамақтандырып, астарын дембіл-дембіл тазартып, құрғатып отырамын. Тағы айта кетейін, аптасына 2-3 рет ұшырып, бой жаздырып тұру керек. Таңертеңнен кешке дейін торда қамап ұстауға болмайды. Құстардың миы үш жасар баланың миымен бірдей жұмыс істейді. Қандай құс болмасын желде, ызғарда қалып қалмауын қадағалау керек. Салқын болмай екен деп, күннің астына ұзақ қойып қоюға да болмайды. Күн сәулесі көп түссе де зиян. Күндізгі сағат 10 мен 11-дің арасында күнге шығарып, жақсылап жайып алса жеткілікті. Одан бөлек тырнағы мен тұмсығын да егеп отырамын. Егер өсіп кетсе, құстың мазасы қашады.


Міне, Талғат Тұрғанбекұлының тіршілік тұрмысы осындай. Кейіпкерімізге қарап экзотикалық құстардың бізге жат емес екенін аңғардық.Біздің айтқымыз келгені, ебін таба білгенге құс шаруашылығы да табыстың көзі. Тек мұрат қойып, сол жолда еңбекті қару ету керек.