Өзен деңгейі көтеріліп, көпірді су шайып кетті

1 567

Фото: Абай облысының әкімдігіШығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Үйдене өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді су шайып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, толассыз жауған жаңбыр және таудағы еріген қар суының салдарынан Үйдене өзенінің деңгейі көтерілген.

"Зайсан ауданы "Жарсу-Бақасу" ауылдарының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірдің шеткі бөлігін су шайып кетті. Жол жиегін қайта қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңғы уақытта басталды", - делінген ақпаратта. 


Көлік қозғалысына шектеу қойылмады. Жол бойында кезекшілік ұйымдастырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.