Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

1 136

Фото: pixabay.com25 қазан - Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мереке күні қатынайтын қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жолға шығады:

№ 630/629 пойызы "Ақтөбе-Шалқар" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;

204 пойызы "Астана-Шымкент" бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

№ 216 пойызы "Шымкент-Алматы" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

№ 201 пойызы "Алматы-Астана" бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.

25 және 27 қазанда "Қарағанды-Астана" бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады.

Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15–те келеді;

Бурабайдан сағат 14:10-да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00-де келеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.