Қызылордада 36 жастағы әйел өзіне қол көтерген қылмыскермен некелесті
373
Қызылорда қаласында 36 жастағы әйел өзіне дене жарақатын салған қылмыскермен некелесті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінде әртүрлі қылмыс жасап түскендер ұсталынуда.
Соның бірі ҚР ҚК- нің 99-бабы 1-бөлігімен сотталған азамат.
Сотталған бұл қылмысын әйелді қатты сүйгендіктен жасағандығын айтып ақтарылды.
Ия, бір өкініш бір үмітті арқалап, махабаты үшін жазаға тартылған қылмыскер енді жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейді.
Ал, әзірге тән жарақатын алған әйелі қамаудағы сүйіктісіне сәлем- сауқат тасып, жанашырлық танытып, жан жарасын емдеп жүр.

Мен оны бұрынғы өміріне қарамастан, сүйіп қалдым. Сүйген адам кешірімді келеді дейді. Бірақ, сол күні ғашығымның өзге еркекпен саунаға кіріп бара жатқанын көріп, ашудан өз-өзімді ұстай алмай, қызғаныштан қылмыс жасадым. Қылмыстың өтеуі жаза. Енді сегіз жылымды темірторда өткіземін. Сондықтан онымен жиі кездесіп тұру мақсатында өтінішіміз негізінде, мекеме заңгерінің көмегімен неке куәлігін алдық. Енді ол менің заңды некедегі әйелім.Ол мені кешіріп, менімен тағдырын қосты. Бұл менің бостандыққа шығуға деген үмітімді арттырады.
Ал, ең жақын деген адамдарым, арбаға таңулы мүгедек әкем мен жанашыр анам және 7 бауырым өзімнен 14 жас үлкен әйелмен байланысып, қылмысқа тартылғандығым үшін маған өкпелі - дейді, өкінішті үнмен 2000 жылғы туылған Н есімді жас жігіт.