Улы зат тиеген жүк көлігі аударылып қалды

1 345

Фото: ТЖМБәйтерек ауданында 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп аударылып қалды, -  деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, жүк көлігінде улы тетрагидрофуран болған. Оны Беларуске тиесілі көлік алып келе жатқан. Ыдыс аударылғанымен ішіндегі сұйықтық төгілмегені мәлім болды. Радиациялық-химиялық қызмет айналаны тексеріп, улы заттың ауаға таралмағанын анықтады. 

Құтқарушылар жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті тиеуге және жүкті одан әрі тасымалдауға көмектесті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.