«Бәйдібек» қайырымдылық мекемесі 36 балаға заңсыз білім берген
Тараздағы «Бәйдібек» қайырымдылық ұйымы 2023 жылдан бері шамамен 40 балаға заңсыз білім беріп келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі аzattyq rýhy сайтына сілтеме жасап.
Оның үстіне, ғимараттың іші лас, өрт қауіпсіздік шаралары сақталмаған болып шыққан.
Осылайша, 2024 жылы 8 қазанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен аталған мекеменің қызметін тоқтату, тарату және есептік тіркеуден шығару туралы үкім кескен. Сот шешімі заңды күшіне енген.
Қаз
Рус






