Асхат Аймағамбетов: "Штрафстан" деген жаңа ұғым пайда болды"

1 267

Фото: youtube/NartayAralbyuliМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айыппұлдардың көбею мәселесіне қатысты пікір білдірді, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Депутат қазіргі таңда елімізде айыппұл салу жүйесіне қатысты сын айтылып жатқанын, қоғамда "айыппұл саны мемлекеттік бюджетті толтыру мақсатында артып отыр" деген пікір барын алға тартты. 

"Қазіргі таңда айыппұлдарға қатысты олардың салынуы әділетсіз және тек қана бюджет қаражатын толтыру үшін салынып жатыр деген мағынаны сарказм арқылы жеткізетін "Штрафстан" деген жаңа ұғым пайда болды. Бұл ретте айыппұлдар тәртіпті сақтау үшін қолданылатын қажетті құрал және қауіпсіздік пен заңдарды сақтауға жақсы әсер етеді деп санайтындар бар. Өкінішке қарай, көп адам әкімшілік жазалар жүйесі өзінің негізгі мақсатынан (бұзушылықтардың алдын алу және түзеу) ауытқып, бюджет табысын арттыру тәсілі ретінде қабылдап жатыр", - деп жазады депутат.


Аймағамбетов бұл жағдай әкімшілік жауапкершілік институтына деген халықтың сеніміне селкеу түсіретін жеткізді. Бұл ретте айыппұлдар орынды әрі проблеманы шешуге бағытталуға тиіс екенін де атап өтті. "Аса үлкен мәселеге айналған айыппұлдар мысалы: 

• Мектептердегі айыппұлдар. Үш ауысымда жұмыс істейтін немесе жабдықтары жоқ, жөндеу жұмыстары жасалмаған мектептерге айыппұл салынады. Алайда мектеп директоры қаржыландырудың жоқтығы немесе әкімдік мектептің бар-жоғын ескермей тұрғынүй құрылыс жұмыстарына рұқсат беруі секілді жүйелік проблемаларға жауапты бола алмайды. Осы тұста әр директорға 600-900 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. 

• Ақылы автотұрақтар. Автотұрақ құны 100 теңге, ал оны төлемегендерге салынатын айыппұл құны 200 есе көп. 

• Шамамен 20 жыл бұрын тұрғынүй аймақтарында 5 минуттан артық автокөлікті қыздырғаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жаза енгізілген. Германияны мысалға келтіріп, экологиялық аспектілерді айтып, бұл айыппұл бұған дейін "өлі норма" болып келгені қайталай беруге болады. Бірақ климаттық және басқа да аспектілерді ескеріп, қадамдардың ара-жігін айыра білу қажет", - дейді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.