Израиль Иранға әуеден соққы жасады
Иран Израильдің ел аумағындағы ядролық нысандарға әуе шабуылы жасағанын растады. Екі ел де өз әуе кеңістігін уақытша жапты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі IRNA арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тегеранда және оның маңайында жарылыстар болып жатыр. Теграннан бөлек, Иранның Натанз және Хамедан қалаларына да әуе шабуылдары жасалғаны расталды.
Израиль қауіпсіздік күштерінің дерегінше, алғашқы соққылар жасалғанда жоғары әскери басшылық пен ядролық ғылыммен айналысатын ғалымдар нысанаға алынған.
Иран билігі Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Салами мен екі аға ядролық ғалым — дәрігер Тегеранчи және Ферейдун Аббасидің қаза тапқанын растады. Айта кетейік, Ферейдун Аббаси екі апта бұрын Тегеранның тактикалық ядролық бомбалар жасауы мүмкін екенін айтқан еді.
Mehr агенттігінің мәліметінше, жұма күні таңертең Израиль режимінің Тегеранға жасаған әуе шабуылдары нәтижесінде "Хатам аль-Анбия" штаб-пәтерінің қолбасшысы, генерал-майор Голамали Рашид қаза тапты.







