13 адамның өмірін қиған өрт: сот айыпталушылардың жазасын сол күйі қалдырды

1 559

Фото: polisia.kzАлматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот шешімі шықты. Сот алқасы айыпталушыларға тағайындалған жаза мерзімдерін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Апелляциялық шешімге сәйкес, хостел директоры Әділбек Мұхамедияров бұрынғыдай 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтейді. Ал ғимарат иесі Александр Пекельникке қатысты үкімнің моральдық өтемақы өндіру бөлігі жойылды, бірақ оның өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзғаны расталды.

Соттың мәліметінше, хостелде өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылған: эвакуациялық шығу жолдары, дабыл жүйесі және өрт сөндіру құралдары болмаған.

“Пекельниктен жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысына 7 миллион теңге көлеміндегі моральдық өтемақы өндіру туралы шешімнің күші жойылсын. Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалсын”, – деді судья Людмила Бектемирова.

Апелляциялық алқа айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары және өзге де дәлелдермен толық дәлелденгенін мәлімдеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.