Жеке мектеп басшысы алаяқтық ісі бойынша сотталды

1 516

Фото: ©Norma.uz

Атырауда жеке мектептің құрылтайшысы алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға сотталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарт агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім беру ұйымы ретінде тіркелген «Lets School» мектебіне қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталып, сот айыптау үкімін шығарған. Атырау қаласының №2 сотының үкімімен аталған мектептің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылған. Сот оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар 6 жыл бойы қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.

– Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 120 миллион теңге көлемінде аса ірі материалдық залал келтіріліп, аталған сома толық көлемде өндіріп алу соттың айыптау үкімімен міндеттелді. Шығарылған үкім қоғамда алаяқтық пен азаматтардың сенімін теріс пайдаланғаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қалыптастыруға бағытталған, - деп мәлімдеді облыс прокуратурасы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.