JAN Production директоры 2 айға қамалды

1 517

Фото: видеодан скриншотАлматыда атышулы JAN Production киностудиясының директоры екі айға қамауға алынған. Оған жүздеген ата-ананы алдап, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Киностудия балаларды киноға түсіреміз деп уәде беріп, ата-аналардан қомақты қаражат жинаған. Алдымен кастинг жарияланып, келген балалардың барлығына «басты рөлге түсесің» деген уәде берілген. Ұл-қызын өнер әлеміне әкелгісі келген ата-аналар келісімшартқа отырып, әрқайсысы шамамен 1,5 миллион теңгеден төлеген. Алайда танымал актерлермен бірге түсірілім жасау және қызыл кілемге шығару туралы уәделер орындалмаған.

Қазір құқық қорғау органдары аталған іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Зардап шеккен ата-аналар киностудия жарнамасына түскен кейбір танымал актерлердің де жауапқа тартылуын талап етуде.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Бұл іске қатысы бар күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамау тағайындалды. Қазір ол тергеу изоляторында. Тергеу жалғасады», – деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.