4 адам зардап шекті,жантүршігерлік жол апаты болды

1 507

Фото: Opennews.kz ЖИМаңғыстауда демалыс орындарының маңындағы жолда болған ірі жол-көлік оқиғасын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Жол апаты кеше, 23 тамызда болды. Оқиға орнында түсірілген фото және видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Кадрлардан жеңіл көліктердің соқтығысқаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірі соққыдан қатты зақымданған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары барған.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының (МОКБА) мәліметінше, оқиға орнынан қабылдау бөліміне төрт адам жеткізілген.

Медициналық тексеру нәтижесінде үш науқасқа кеуде қуысының соғылуы, ал бір адамға бастың үстірт жарақаты диагнозы қойылған.

«Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады аурухана.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.