27 қарашадан бастап балаларды түнде ересектерсіз автобуспен тасымалдауға тыйым салынады
27 қарашадан бастап 23:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз автобуспен тасымалдауға тыйым салынады. Бұл туралы көлік министрінің №317 бұйрығында жазылған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Шектеу 16 жастан асқан жасөспірімдерге де қатысты.
Күндіз 7–16 жас аралығындағы балалар халықаралық және облысаралық, қалааралық автобустармен ересектерсіз жүре алады. Ол үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет. Құжаттың түпнұсқасын немесе цифрлық нұсқасын отырғызу кезінде көрсету керек.
Ал 7 жасқа толмаған балаларды мұндай автобустарға ересектерсіз отырғызуға болмайды.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





