Ауғанстанда аштықтан аман қалу үшін кедейлер қызын сатып жатыр

353
Ауғанстанда кедейлер аштықтан аман қалу үшін қызын сата бастады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі CNN сайтына сілтеме жасап.

Тоғыз жасар Парвана Малик отбасымен бірге Бадгис провинциясындағы жер аударылған адамдар лагерінде тұрады.
 
Ол 55 жастағы ер адамға қалыңдық ретінде сатылған.

Қыздың отбасы бұрыннан бай-қуатты болмаған, алайда тәліптер Ауғанстан билігіне келіп, экономика құлдыраған соң олардың жағдайы қиындай түскен.

Абдул Малик 12 жастағы қызын да бірнеше ай бұрын сатып жіберген. Ал қазір жанұяда олардан басқа сегіз адам бар.

 
Бастапқыда ол Парвананы саудалағысы келмепті. Сол үшін күндіз-түні сабылып жұмыс іздеп, туыстарынан қарызға ақша алған екен. Ал әйелі қайыршылық еткен.

Жұмыс таппаған Абдул Маликті қазір ар- ұяты мазалауда. Ал Парвана үшін берілетін ақша жанұяға бірнеше айға жетеді.

 Ауғанстанда мұндай ауыр қадамға барып отырған жалғыз жанұя бұлар ғана емес. Қыс мезгілі жақындаған сайын елде "қыз саудасы" қызып жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.