Қателеспейтін емес, қатесін мойындап түзелген адам мықты

380
«Қызылорда қаласындағы ҚАЖ департаментіне қарасты  қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан, сотталушы өз кінәсін мойындап өкінді»,- деп хабарлайды  «Opennews.kz»  ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4  қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде абайсызда қылмыс жасағандар жазасын өтейді. Мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтардың бірі Елдос. Айыпталушы, бауыр еті баласының денсаулығы үшін біреудің затын заңсыз иемденіп қылмыс жасаған. Осыдан тура 1 жыл бұрынғы оқиғаны жіпке тізгендей айтып берді. Осындай  қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсету қанымызда бар қасиет. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын демекші, досының басына қиын іс түсіп, қаражаттан қиналып жүргенін байқаған Елдос досына қаражат жағынан қол ұшын созады.  Сөйтіп досын бір қиындықтан сақтап қалды. Уақыт өте келе, Елдос та қаражат жағынан қиналап, досынан көмек сұрап, кезінде берген қаражатты қайтаруын талап еткен. Алайда, досым деген жүрген азамат, әр-түрлі сылтау айтып, қарызын беруді кешіктіре береді. Баласын емдету үшін қаражат қатты қажет екенін алға тартса да, әрекет болмаған. Досының сылтауы көбейе бастаған соң, «оның ұялы телефонын алып кетіп, сатуға мәжбүр болдым» ,- дейді Елдос. «Жасаған ісіме  заң алдында жауап беріп, жазамды алдым. Қазіргі таңда қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазамды өтеудемін. Қазақта: «Заңды білмеген опық жейді», деген бар. Досымнан қарызымды заң жүзінде талап еткенімде мүмкін түрмеге түспес пе едім, заңды білмеген жауапкершіліктен құтқармайды»,- деген осы шығар дейді Елдос. 
Елдос жазасын өтей жүріп, мекеме ішіндегі іс-шараларға белсене қатысады. Сонымен қоса оны мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері «Алтай-Транс-Ойл» ЖШС-на жұмысқа орналастырған. Ол қазір пескоблок қышын өндірудің хас шебері. Бұл өнімге сұраныс та жоғары, соның нәтижесінде Елдос тынымсыз еңбек ету арқылы мемлекет алдындағы берешегін толық көлемде өтеп, артылғанын отбасына жіберіп отыр. «Темір торда отырсам да отбасымды ойымнан бір сәт шығарған емеспін. Мекеме психологының да қабылдауында болып, семинар-тренингтерге қатысып, толғандырып жүрген сан алуан  сұрақтарыма жауап аламын. Жазамды өтеп, отбасыма оралып, жақсы әке болып қызыма жақсы тәрбие беремін», - деді сотталған Елдос.
Шындығында бір қолымызбен жасаған жақсылығымыз өзімізге оқ болып тиіп жатқан жәйттер де жетерлік. Алайда, адал дос болу үшін көп нәрсені де керек етпейтін секілді. Адалдық пен адамгершілікті әрбір адамзаттың туа бітті қасиетіне айналса екен. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» демекші,  құйтырқы әрекеті көп айлакерлер мен бетперделі дос пен айтып келмес дұшпаннан сақта деген осы шығар.