Алматылық әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткен
505
Алматылық әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткен- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Жетісу-1 шағын ауданында болған.Қазіргі уақытта әйел мен екі баласының қаза тапқаны белгілі болып отыр. Балалардың үлкені ауруханаға жетер жолда жантәсілім еткен.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өз өзіне қол жұмсаған әйел 28 жаста. Анасымен қоса оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласы да бірге құлаған.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге апару") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.