"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлеріне жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгертілді

602

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында 2019 жылдан бастап жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алуға мүмкіндік берілді. Әйелдер кезекте тұрмайды, мемлекеттік қызметті өзіне ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады.

"Көпбалалы ана бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен түседі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі", – деді вице-министр.

Ведомство ақпаратынша, осы өзгерістердің арқасында биыл проактивті қызмет алған көпбалалы аналар саны екі есе – 9 мың адамға дейін өсті.

Айта кетері, "Алтын алқа" жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі. Ал "Күміс алқамен" алты баласы бар аналар марапатталады.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне табысына қарамастан ай сайын 6,4 АЕК мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2022 жылы оның мөлшері 19 603 теңгеге тең болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.