Судья: "Бақытгүл Хаменова тамыр-таныстары арқылы тергеуге кедергі келтіреді"

488

Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы тергеу ісіне араласып, өзге адамдарға әсер етуі мүмкін деген қауіппен тергеу қапасына қамау тарлы шешім шығарды,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Енді Бақытгүл Хаменова сотқа дейін қаумауда отыратын болды.

"Бақытгүл Хаменова ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімінің 2-бөлігі бойынша ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталуда. Ол облыста басшылық қызмет атқарғандықтан және басқа да әлеуметтік байланыстары болғандықтан, қылмыстық істің өзге де тұлғаларына әсер етіп, істің объективті тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осыған дейін Атырау қалалық мамандандырылған тергеу соты Бақытгүл Хаменованың екі баласы мен қарт анасы бар екенін ескеріп, үйқамаққа жіберген болатын. Алайда облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұл жерде тамыр-таныстық басым болып кетуі мүмкін деп күдіктенеді. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.