Ақылы тұрақтар жойылмақ

1 572

Фото: Мария ЗвереваАстана мен Алматы көшелеріндегі ақылы тұрақтар алынып тасталуы мүмкін,-деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек айтуынша, Құрылыс жобасын талқылап жатқан жұмыс тобы оның Жер кодексінің 109-бабына қатысты түзетуін қолдаған. Аталған өзгеріс екі мегаполистегі ақылы автотұрақ жүйесін жоюды көздейді.

Базарбектің сөзінше, Алматыдағы ақылы тұрақтар жылдар бойы даулы мәселеге айналған. Ол бұл жүйені “қызмет емес, таза схема” деп атап, қала бюджеті миллиардтаған теңгеден қағылғанын еске салды.

"Алматыда олигархтар фирма-прокладка құрып, халықтан тұрақ ақысын жинап отырды. Кінәлілер сотталғанымен, жүйе тоқтаған жоқ – Алматыда да, Астанада да жалғасын тапты. Халық төлеп жатқанда, біреулер байып отырды", – деп жазды депутат әлеуметтік желіде.

Ол сондай-ақ ақылы тұрақтар жүйесі ешқандай инфрақұрылымдық өзгеріс әкелмегенін, инвестиция салынбағанын, қоғамдық тәртіпке пайдасы болмағанын атап өтті.

"Инвестиция жоқ, инфрақұрылымға өзгеріс жоқ, тәртіп жоқ. Тек тұрақтарды күмәнді жолмен иемденгендердің қалтасына құйылған миллиардтар ғана болды. Дағдарыс кезінде халық есебінен баю – қоғамға қарсы қылмыс. Біз бұл жүйеге нүкте қоямыз", – деді ол.

Қазір депутаттар салалық комитеттің соңғы шешімін күтіп отыр. Базарбек әділетсіз деп бағаланған ақылы тұрақтар жүйесі толық жойылады деген үмітін білдірді.









OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.