ДОНЕР ІШІНЕН ЕСІРТКІ ЗАТЫ ТАБЫЛДЫ

566

Қызылорда облысында донер тағамынан есірткі заты табылды,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды. 

Мекеме қызметкерлері жоғарыда аталған сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында 3 дана донер арасына  салынған  «өзіне тән хош иісі бар шөп тектес» заты тәркіленді.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.


Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 31,18 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді.

 Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.