Шерзаттың қазасына қатысты сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

1 335

Фото: видеодан скриншотШерзат Полаттың қазасы бойынша сотталғандардың бірі, жасөспірім Думан Ысқақ бостандыққа шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған ақпаратты марқұм Шерзаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады. 

“Думан Ысқақ бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойды. Сол себепті Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 23 шілдеде бұлтартпау шарасын жойып, оны қамаудан босатты”, – деді адвокат. 

Сондай-ақ апелляциялық сот отырысы 18 тамызда Алматы сотының ғимаратында қаралатын болыпты. 

Сот қаулысымен басты күдікті Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша айып тағылды.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.