Бір жылда көпбалалы отбасыларға 287 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленген
334
2021 жылы көпбалалы отбасылар 287 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
2021 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 287,6 млрд теңгеге орта есеппен 449,4 мың отбасы қамтылды.
Соның ішінде желтоқсанда жәрдемақының бұл түрін 481,6 мың отбасы, жалпы сомасы 25,9 млрд теңге алды.
Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2022 жылы 49100 теңгені (4 бала), 61 383 теңгені (5 бала), 73 666 (6 бала) теңгені, 85 948 теңгені (7 бала), 8 балаға – 98 016 теңгені, 9 балаға – 110 268 теңгені, 10 балаға – 122 520 теңгені, 11 балаға – 134 772 теңгені, 12 балаға – 147 024 теңгені, 13 балаға – 159 276 теңгені, 14 балаға – 171 528 теңгені, 15 балаға – 183 780 теңгені, 16 балаға – 196 032 теңгені немесе әр балаға 12 252 теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.