Еліміздегі алдағы үш күнгі демалыста ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

488

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лары 28, 29 және 30 тамыз күндері жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: egov.kzОблыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО-лар 29 тамызда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бірақ сол күні Қазпошта тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚКО-ларда касса арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайды. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады.

27 тамыз – жұмыс күні. Сондықтан ертең барлық ХҚКО әдеттегі кесте бойынша істейді.

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 31 тамызда жұмысын қайта бастайды.

Айта кетері, ХҚКО-лардың әдеттегі жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.