Украина мен Ресей атысты тоқтатты

443
Украина мен Ресейдің қарулы күштері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.00-ден бастап атысты тоқтату режимін жариялады деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен бірге бейбіт тұрғындардың Мариуполь мен Вольноховадан шығуы үшін гуманитарлық дәліз ашты. Мариупольдан 200 мың адамды шығару жоспарланған. Олар қаладан Никольское – Розивка – Бильмак – Пологи – Орихив – Запорожье бағыты бойынша шығады. Ал Вольнохованы тастап кететін 15 мың адам Валерьяновка – Новоандреевка – Кириловка – Угледар – Покровск арқылы Запорожьеге барады.

Атысты тоқтатуға Қызыл крест халықаралық ұйымы кепілдік берді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.