Қызылордада 50 000 мың теңге пара алған департамент қызметкері ұсталды

912

Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман - мемлекеттік аудитор жалпы сомасы 1 280 000 теңге болатын пара алғаны үшін ұсталды. Олар ақшаны тексеру кезінде алған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Antikor сілтеме жасап.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.


"Бұл ретте, Қызылорда облысының "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысы тексеріс барысында оң шешім қабылдағаны үшін жоғарыда аталған тұлғаларға 50 000 теңге сомасында пара берді", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өкілдері.

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

"Өзге ақпарат тергеу барысында жария етілуге жатпайды", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.