"Өмірге қайта оралғым келмеді"
397
Алматы қаласының Майя есімді тұрғыны 3 жарым жыл бойы комада жатқан - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Ия, 3 жарым жыл комада жаттым. Ол кезде дәрігерлердің де амалы таусылған еді. Мен комаға дейін инсульт алған күні дәрігерлерге келген уақытта, олар қатты таңғалды. Олар шындығында менің денем жансыз болып қалғанын, менің мүлдем жүре алмау керектігімді айтты", – деп еске алады ол.
Кейін әйел мүлдем есін жоғалтып, комаға түсіп қалған. Ол осындай күйді 3 жарым жыл кешсе де барлығы есінде жатталып тұрғанын жеткізді. Майяның айтуынша, осындай сәттердің бірінде денесінен жанының қалай шығып жатқанын сезген.
"Денемнен ауыр жүк алынғандай күй кештім. Дененің не үшін өмір сүретінін түсінбедім", – деп еске алады сол сәтті ол.
Майя өзінің денесі палатада жатқанымен, айналасында не болып жатқанын анық көрген.
"Мені өмірімді көп адамның үзгісі келгенін, ер дәрігерлердің "үстіме шыққанын" көрдім. Медбике менің басымнан ұрды. Дәрігерлердің мені қалай құтқарарын білмей дал болғанына куә болдым. Шындығына келсем, ол жақта бұл өмірдің мен ойлағандай мейірімді емес екенін ұқтым", – деп қосты әйел.
Ол сонымен қатар арғы өмірдің соншалықты қорқынышты емес екенін алға тартады. Ол жақта уақыттың да, шекараның жоқ екенін айтады ол.
"Арғы өмірде ешқандай кедергі жоқ. Мен бір уақытта екі бірдей орында бола алатын едім. Егер мені бір адам есіне алатын болса, мен сол сәтте оның жанынан табылатынмын. Мен мұны қалай түсіндіретінімді білмеймін", – дейді Майя.
Әйел сонымен бірге ең қорқынышты кезін де айтып берді.
"Менің өз денеме оралған уақытым ең қорқынышты кез болды. Ауыр жүктер менің үстіме қайта артылғандай сезіндім. Содан соң мен көзімді аштым. Артқа қайта оралғым келмеді, ол жақтан бір бақыт тапқандай болдым", – дейді ол.
Сөзінің соңында әйел бұл оқиға оған үлкен сабақ бергенін айтты. Ол өз кезегінде барлығына өмірдің қандай сынағына ұшыраса да ешқашан берілмеуге және уақытты бағалауға кеңес береді.